Жаңалықтар

Журналистерге Салтанат Нүкенованың мәйітінің суретін жариялауға тыйым салынды

Бишімбаевтың сотын тікелей эфирден барша халық көріп отырғаны белгілі. Бұл ретте, қазақстандықтар аты шулы сот процесіндегі ақпараттармен танысуға мүмкіндік алады. Дегенмен де, марқұм Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелді мәйіт суреттерін эфирге шығаруға және жариялауға тыйым салуды сұрады. Судья Айжан Құлбаева бұл өтінішті қабылдады.

Сурет: ҚР Жоғарғы соты

–  Мен кейбір сәттерді тікелей эфирге шығармауды және БАҚ өкілдерінен бұл бейнелерді жарияламауды сұраймын. Оларды көру өте ауыр. Тікелей эфирді ересектер ғана емес, балалар да көріп отыруы мүмкін. Бұл балаларға ауыр зиян келтіреді деп ойлаймын, – деді Айтбек Амангелді.

Бишімбаев бұған қарсылық білдірді.

Ал мен көрсетілуін қалаймын. Өйткені оның дене жарақаттары туралы ғаламторда көптеген болжамдар айтылды. Мен алқа билердің, жұртшылықтың айтылғандардың шындыққа жанаспайтынына көз жеткізгенін қалаймын, – деді Бишімбаев.

Судья Айжан Құлбаева жәбірленушінің өтінішін қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.

– Материалдар алқа билер алқасына көрсетіледі, БАҚ өкілдеріне түсіруге рұқсат жоқ, – деді судья.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button