Бас тақырып

ЖОЛДАУДАН – ДАМУҒА

2018 жылдың 5 қазанында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Біздің стратегиялық мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу. 2014 жылы еліміздің инфрақұрылымын жаңартатын «Нұрлы жол» кешенді бағдарламасын іске асыру. Үш жыл бұрын «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жүзеге асыру» сонымен қатар «Үшінші жаңғыруды жүзеге асыру» деп атап өткен болатын.

Жолдау жалпы саны бірнеше бөлімдерден тұрды: біріншіден «Халық табысының өсуі» атты бөлімінде Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырды. Әл-ауқатымыздың екінші бір сипаты – өмір сүру деңгейінің артуы деді Елбасы Н.Назарбаев яғни «Тұрмыс сапасын арттыру». Аталмыш бөлімде 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу және «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттігінде атап айтты. Үшінші бөлімі «Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру», сапалы әрі қолжетімді тұрғын үй мәселесін, Құқық қорғау органдарының жұмысына терең және сапалы өзгерістер мәселесін сонымен қатар Сот жүйесін одан әрі жаңғырту туралы мәселелер қарастырылды. Төртінші бөлімі «Азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат» деп аталды. Бұл бөлімде мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін түбегейлі арттыру жайлы сөз қозғалды. Бесінші бөлім «Тиімді сыртқы саясат» ретінде таңдалынды. Бұл бөлім мемлекет үшін маңызды да ерекше болып табылады. Алтыншы бөлім «Әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы». Яғни әр қазақ ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен ата-бабадан қалған жерге, тілге, дінге, ділге, отанға деген сүйіспеншілігін – мемлекеттің дамуына өз үлесін қосу арқылы дәлдеуі қажет. Жоғарыдағы барлық бағыттар мемлекет дамуының негізі болып табылады.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Халқымыздың бақуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы – Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты» деп атап айтқан болатын.

Биылғы Жолдаудың маңызы мен мәні ерекше.

Қазақстан Республикасы ІІМ

Б.Бейсенов атындағы Қарағанды

академиясының оқытушысы

з.ғ.м., полиция капитаны

А. Туткушов

Басқа материалдар

Back to top button