Қарқаралы

Жол жабылды

Тілсіз жау әлекке салды. Кеше Тегісшілдік ауылдық округіне қарасты «Жарлы» ауылындағы бір үй мен он аулаға су кірді.

Қарағанды-Аягөз-Бұғаз тас жолы бойындағы Көктас елді мекенінің тұсындағы жолдан су асып ағып жатқандықтан автокөлік қозғалысы тоқтатылды. Нақтырақ айтқанда, Көктас ауылындағы 169 шақырым 400 метр жерден тасжол бойынан 30-50 см және 174,178 шақырымдарда 5-15 см биіктікте су ағып жатыр. Бүгінде Көктас ауылына қарама-қарсы бағыттағы жолдың жиегіне 700 метр қашықтыққа бөгет жасалды. Аталмыш бағыттағы жол бойында орналасқан елді мекендерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, ауылдың учаскелік инспекторлары жол қозғалысын бақылауда ұстауда. Елді мекендерді су басу қаупінен сақтап қалу мақсатында тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Қауіпті аймақты аудан әкімі Х.Мақсұтов бастаған аудан басшылары аралап жүр. Аталмыш аймақтар бақылауда.

Сағыныш ӘБІЛОВА

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button