Жол апатынан аман қалған жолаушының жағдайы белгілі болды
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматы-Екатеринбург тас жолындағы жол апатынан жеті адам қаза тауып, 12 жастағы жолаушының медициналық мекемеге жеткізіленін жазған болатынбыз.
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жол апатынан аман қалған жолаушының жағдайы туралы айтты.
– Көлікте болған 12 жастағы жолаушының жағдайы орташа ауыр. Ол сол жақ жауырынның ығысуы бар жабық сынығы, оң жақтағы үстіңгі сүйек аймағының көгерген жарақаты диагнозымен балалар травматология бөліміне жатқызылды, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Жол апатының алдын ала себебі көктайғақ болғанын естеріңізге сала кетейік. Жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалып, “Toyota Alphard” көлігі шұңқырға ұшып кетіп, аударылып қалған. Апат салдарынан жүргізуші мен оның алты жолаушысы, оның ішінде екі бала оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.