Жаңалықтар
Аймақта ірі жол көлік оқиғасы орын алды
Бүгін сағат 10:00 шамасында «Алматы-Екатеринбург» тас жолында Құрма ауылына екі шақырым жетпей «Тойота Альфард» автокөлігі аударылып қалды, деп хабарлайды Ortalyq.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мамандардың алдын ала болжамы бойынша, жүргізуші көліктің руліне ие бола алмай қалған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жүргізуші және оның алты жолаушысы оқиға орынында қайтыс болды. Сонымен қатар, 12 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қарағанды облысының Полиция департаменті жүргізушілерден жол жүру ережесін қатаң сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауды сұрайды.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz