Тұлға

Жетiстiк ел игiлiгiне айналды

Тәуелсіздіктің әр күні әрбір азаматтан үлкен жауап­кер­ші­лікті, өз саласы бойынша ат­қара­тын қажырлы да табанды ең­бегін талап етеді. Тарих үшін 25 жыл аз ғана уақыт бол­ға­ны­­мен, осы жылдар ішінде Қа­зақ­­стан зор жетістіктерге жет­ті. Жетістіктердің нақты мы­салы мен тізімін санамалай бер­сең, өте көп. Ең бастысы, сол жетіс­тік елдің игілігіне айналып отыр. Ал, ол жетістіктерге жету жо­лын­да Президент Н.Назарбаев­тың жыл сайынғы дәстүрлі хал­­ы­ққа Жол­дауының алатын маңызы зор.

Әр Жолдауда ел өміріндегі маңызды шаруаларға нақты бағыт беріліп, болашақ жос­пардың атқарылу жолдары көрсетіледі. Биылғы Жол­­дау­дың ерекшелігі сол, ел дамуын­дағы жақсы істерді еселей түсуге, жаңа заман, жаңа уақыт тала­бына сай әрекет етуге айқын жол нұсқады.

Жолдауда жаңа техноло­гияларды меңгеру, халықтың игілігіне жарату мәселесі егжей-тегжейлі айтылған. Қарап тұр­саңыз, қазір дүние жүзі техно­логиялық дамудың жаңа әрі жедел қарқынына көшкен. Қа­зақ­­­стан да сол технологиялық жаңа­лықтан сырт қалмай, өрге бастар өркениетті көштен орын алуы міндет. Ол – жастарға, ке­лер ұрпаққа керек нәрсе.

Одан бөлек, Жолдауда халық­тың тұрмысын жақсартуға, әлеуе­тін көтеруге қатысты да нақ­ты дүниелер айтылып­ты. Халық тұрмысы, әлеуметтік жағ­д­айы, бала-шағаның қамы деген қай заманда да маңызды мәселе болған ғой. Сондықтан, Жол­дауда халық тұрмысын одан әрі жақсартудың амалдары анық көрсетілгені көңіл қуантады.

Президент белгілеп берген басымдықтарда айтылған дүние­лерге біз де өз үлесімізді қоса­мыз. Біздің қосар үлесіміз, ол – бүгінгі көрерменнің таны­мы мен талғамына жауап бере­тін жаңа спектакльдер қою, театрдың репертуарын байыту, шығармашылық ұжымының жан-жақты толысып, өсуі, са­палы жұмыс. Сол арқылы елдің өнерін шет елге шығарып, өзге елдерге көрсету, насихаттау.

Мемлекеттің бағыт-бағ­дарын айқындап, оны халық­қа жет­кізіп отыру – Президенттің мін­деті. Сондықтан, ел мен жердің жаңа заман көшіне ілесіп, уа­қыт талабына сай дамуы үшін жасал­ған Жолдау талаптарын орындау жолында келешектен үміті мен мақсаты бар адамның ешқайсысы тысқары қалмауы тиіс.

Асанәлі ӘШІМОВ,

КСРО халық әртісі,

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік

академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі.

АЛМАТЫ.

«Егемен Қазақстан» газетінен.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button