Спорт

Жерлесіміз топ жарды

Ирактың Бағдад қаласында семсерлесуден өткен әлем кубогінен жерлесіміз Артем Саркисян алтын медаль жеңіп алды. Бұған дейін спорттың осы түрінен бәсі биік додалардан ерлер мен әйелдер құрамасы тек жүлделі орындардан көрініп келген болатын. Бұл жолы қарағандылық спортшы алғаш алтынды алып, ел тарихындағы Әлемдік турнирден алтын алған алғашқы қазақстандық атанды. Сонымен қатар, спортшы осы жеңісінен кейін 44 ұпай еншілеп, әлемдік рейтингте 40-шы орынға жоғарылаған.

Суреттер: Облыс әкімдігінің сайтынан алынды

Айта кетейік, бұған дейін жерлесіміз Қытайда өткен Азия ойындарында қола медаль жеңіп алған болатын. Одан бөлек, дүниежүзілік Универсиадада – ІІІ орын, Италияның Падуя қаласында өткен әлем Кубогінде – ІІ орын алған еді.

Енді жерлесіміз Германияда өтетін Әлем чемпионатына қатыспақ. Сол үшін алдағы уақытта Германияға оқу-жаттығу жиындарына қатыспақ. Одан кейін, Францияда өтетін бәсі биік чемпионатта да өзін сынап көрмек.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button