Қарағанды

Жерлесіміз Алан Құрманғалиев Португалияда чемпион атанды

Португалияның Вила-Нова-ди-Гая қаласында WTT Youth Star Contender-2022  үстел теннисінен халықаралық турнирі аяқталды. Қарағанды теннис мектебінің тәрбиеленушісі, жерлесіміз Алан Құрманғалиев бұл жарыстың бас жүлдесін қанжығасына байлады. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі хабарлады. 

ҰОК-тің баспасөз қызметінің мәліметінше, Эльмира Әлиеваның шәкірті Португалияда өткен жарыста топ жарып, алтын медаль иеленді.

Чемпиондық атаққа жету жолында жас теннисші Израиль өкілі Натанель Абрамовты – 3:0,  Франция спортшысы Натан Артур Пилардты – 3:0, Тунистен келген Вассим Эссидті – 3:2, румыниялық Рарес Куесдинді  – 3:2 және австралиялық Адитя Саринаны – 3:2 есебімен жеңді.

Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ

Басқа материалдар

Back to top button