Ресми

Жердің де сұрауы бар

Жер – мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси және идеологиялық негізін қалыптастыратын және шоғырландыратын Қазақстан халқының игілігі.

2022 жылы  жер қатынастары басқармасының қызметі жерді мақсатты және ұтымды пайдалану мен оны қорғау мәселесін шешуге бағытталды. 

2022 жылы Қарағанды облысының құрамынан Ұлытау, Жаңаарқа аудандарының, Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалаларының бөлінуі және олардың жаңа Ұлытау облысының құрамына енуіне байланысты облыстың жер ресурстарында елеулі өзгерістер болды. Осылайша облыс аумағы 18 миллион 894 мың гектарға азайып, 23 миллион 905 мың гектарды құрады.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауданы 11 миллион 960 мың гектарды құрайды.

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша босалқы жер қорындағы жер көлемі – 6 миллион 95 мың гектар. Елді мекендердің жері – 3 миллион 262 мың гектар.

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жер 140 мың гектар.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер 403 мың гектарды құрады.

Орман қоры – 113 мың гектар, су қоры – 40 мың гектарды құрайды.

Облыста босалқы жер қорынан және пайдаланудан тыс қалған жерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту жұмыстары жылда жүргізіледі.

2022 жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірісін дамыту үшін аудан, қала әкімдіктерімен ауыл шаруашылығы айналымына босалқы жерлерден конкурстар арқылы жылдық жоспардағы  406 мың гектардың орнына нақты  585 мың га ауыл шаруашылығы жерлер тартылған, оның ішінде 28 мың га – егістік, 549 мың га – жайылым,  4 мың га – шабындық. Айналымға тартудың жылдық жоспары 144%-ға орындалды.

Бұл тұрғыда Ақтоғай, Қарқаралы, Нұра аудандарының әкімдіктері ауыл шаруашылығы айналымына тартумен белсенді айналысты, яғни бұл аудандар бойынша жоспардың орындалуы тиісінше 271,126,108 пайызды құрады.

Жер қатынастары басқармасы жер қойнауын пайдалану мақсатында 8 256 гектар жер беру туралы 43 қаулының  жобасын дайындады.

Республикалық бюджетке аударуға жататын ауыл шаруашылығы шығындарының сомасы 150 420 932 теңгені құрайды.

Қорғаныс мұқтажы үшін жер учаскелерін беру бойынша 3 қаулы жобасы дайындалды.

Облыстың жергілікті атқарушы органының жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою және тексеру нәтижелерін қабылдау жөніндегі комиссияны құру бойынша 53 ұсынысы мен шешімдерінің жобасы дайындалды, олардың негізінде жергілікті жерге 53 іссапар жүзеге асырылды.

Сондай-ақ, Қарағанды облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Шарттық міндеттемелерді орындау міндеттемесі туралы»18 талап арыз берілді. Сондай-ақ, шарттық міндеттемелердің орындалмауына байланысты жер пайдаланушыларға 32 хабарлама жіберілді.

2022 жылы 662 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, қызметтер уақытылы, ескертусіз көрсетілді.

Есепті жылы шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында 39 аукцион өткізілді, онда коммерциялық мақсатта ауданы 80 гектар 136 жер учаскесі сатылды. Аталған учаскелерден бюджетке түсетін түсім сомасы 678 202 680 теңгені құрады.

Әкімшілік-аумақтық бірліктер бөлінісінде жеке тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жер учаскесін алуға жұмыс істеп тұрған кезекте тұрғандардың ашық бірыңғай тізіліміне енгізу бойынша жұмыс аяқталды.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер учаскелерін пайдалану ерекше бақылауда. Облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін азаматтарға есепті жылы 480 учаске берілді.

Облыс прокуратурасы бастамашылық еткен «Заң керуені» акциясы аясында басқарма қызметкерлері 2022 жылғы 20 қазан мен 9 желтоқсан аралығында жер қатынастары саласындағы халықтың проблемалық мәселелерін шешу үшін облыстың шалғайдағы ауылдық елді мекендеріне барды.

Сондай-ақ, 2022 жылы басқарма ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің шекті ең жоғары мөлшері бойынша ұсыныстар әзірледі, «Қарағанды облысының шекарасын өзгерту және Ұлытау облысының шекарасын белгілеу туралы» Үкімет қаулысының жобасы дайындалды.

Бұдан басқа, басқарма есепті жыл ішінде жерді игеру, жерді ұтымды пайдалану, жайылымдық жер, басқа да мәселелер бойынша облыстық және республикалық деңгейдегі телебағдарламаларға, онлайн – кездесулерге, брифингтерге қатысты.

2022 жылы облыста елді мекендерді жайылымдық жермен қамтамасыз ету жұмыстары жалғастырылды.

Халыққа жайылымдық жер бөлу мәселесін шешу мақсатында 300 мың гектар аумақта бірлесіп пайдалану туралы меморандумдар жасалды.

Абай ауданында – 9 мың гектар, Бұқар жырау ауданында – 9 мың гектар, Қарқаралы ауданында – 141 мың гектар, Нұра ауданында – 111 мың гектар,Осакаров ауданында – 13 мың гектар, Шет ауданында – 17 мың гектар.

232 мың гектар аумақта жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспары негізінде шалғайдағы жайылымдар ұйымдастырылды.

Абай ауданында 49 мың гектар, Қарқаралы ауданында 183 мың гектар алаң бар.

Бұқар жырау ауданында халықтың жайылымға мұқтаждығын қанағаттандыру үшін 10 мың гектар жер алынды.

Халыққа мал басын жаю үшін 252 мың гектар жер ауылдық округ әкімдеріне уақытша өтеусіз пайдалануға берілді.

Абай ауданында – 9 мың гектар, Ақтоғай ауданында – 65 мың гектар, Бұқар жырау ауданында – 8 мың гектар, Нұра ауданында – 117 мың гектар, Шет ауданында – 53 мың гектар.

2 мың гектарға елді мекендердің шекарасын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілді. Абай ауданында – 1 мың гектарға, Осакаров ауданында – 400 гектарға, Балқаш қаласында – 800 гектарға.

АШЖБ дерекқорына тексеру жүргізу кезінде 1 миллион 617 мың гектар аумақта жеке ауладағы мал басы тіркелмеген.

Сонымен қатар, жер қатынастарын реттеу тек жер учаскелерін берумен шектелмейді.

Жерді тиімді және ұтымды пайдалану мақсатында жер пайдаланушылар мен жер учаскелерінің меншік иелері қолданыстағы жер заңнамасының барлық нормаларын сақтауы қажет.

Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану мақсатында жер пайдаланушылар топырақ құнарлылығының және жердің мелиорациялық жай-күйінің айтарлықтай төмендеуіне жол бермеуді қамтамасыз етуі қажет.

2022 жылы облыс бойынша мемлекет меншігіне 1 миллион 232 мың гектар пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер (16,1 мың гектар – егістік, 1 миллион 200 мың гектар – жайылым) қайтарылды. 

Оның 1 миллион 71 мың гектары ерікті негізде, 29,7 мың гектары сот шешімі бойынша қайтарылды.

Облыс бойынша 2023 жылға арналған пайдаланылмайтын жерлерді алу жоспары 580,0 мың гектарды құрайды.

Бүгінгі таңда босалқы жерлердің басым бөлігін жайылымдық жерлер алып жатқанын назарға ала отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер (жайылымды пайдаланушылар) «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын міндетті түрде сақтауы қажет.

Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2023 жылға арналған жоспарлар облыстың, Ақтоғай ауданы мен Қарағанды қаласынан басқа, барлық өңірлерінде бекітілген. Осы бағыттағы жұмыстар аталған өңірлермен басталды.

Жайылымдарды ұтымды пайдаланудың негізгі шарты ауыл шаруашылығы жануарлары басының болуы, жайылымдық инфрақұрылым объектілерінің болуы және олардың жай-күйі болып табылады.

Қазіргі уақытта Бұқар жырау ауданында шалғайдағы жайылымдарды инфрақұрылыммен қамтамасыз етудің пилоттық жобасы әзірленуде. Пилоттық жоба Белағаш, Көкпекті, Тоғызқұдық ауылдық округтерінде және Баймырза, Жаңаталап ауылдық округтерінде іске асырылатын болады.

Бұл пилоттық жоба суландыру құрылыстарын (ұңғымалар, құбырлы және шахталық құдықтар, қазандар), мал айдау трассаларын, мал тоқтайтын және суаратын алаңдарды, қошар мен қоршалған орындарды, ауыл шаруашылығы жануарларын айдап-бөліп жаюға арналған қашаларды, ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық өңдеуге арналған жармаларды, электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етуге арналған құрылыстар мен объектілерді орнатуды қамтиды, сумен жабдықтау объектілерімен, персоналдың маусымдық тұруына арналған құрылыстармен қамтамасыз етіледі.

Осакаров ауданында 2023 жылға Озерный, Сарыөзек және Қарағайлы ауылдық округтерінің шалғайдағы жайылымдарын қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жобасы көзделген.

Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының әрбір жер пайдаланушысының міндеті – жерді ұтымды және тиімді пайдалану болып табылатынын атап өтемін.

Дарын Бұлқайыр,

облыстың жер қатынастары басқармасының басшысы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button