Жер мәселесі талқыланды

Сәрсенбі күні облыстық әкімдіктің мәжіліс залында «Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауда туындайтын мәселер туралы» тақырыбымен семинар-кеңес өтті.

Семинарда Елбасы Жолдауындағы агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қатысты берген тапсырмалары және Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚР Бас прокуратурасының «Жер қатынастарын мемлекеттік реттеуді жақсарту ісшарасы» жоспары, облыс әкімі Ерлан Қошановтың тексерістерді 30 пайызға азайту туралы тапсырмалары қаралды. Облыс әкімдігі мен облыстық прокуратура бекіткен Жол картасын, облыс әкімінің орынбасары С.Шайдаров бекіткен ақпараттық–түсіндіру және профилактикалық жұмыстар туралы медиажоспарын, Қоғамда коррупцияға қарсы мәдениетті қалыптастыру Кешенді жоспарын уақытылы және сапалы орындау және жерге мемлекеттік бақылауды күшейту туралы мәселелер көтерілді.

Кеңеске Ауыл шаруашылығы министрлігі жер ресурстары комитетінің мемлекеттік бақылау Басқармасының басшысы М.Мендібаев, облыс прокурорының орынбасары М.Таутенов, арнайы есеп және құқықтық статистика басқармасының прокуроры Д.Сағынтаев, әділет департаменті басшысының орынбасары Н.Есебаев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы директорының орынбасары Р.Жакупов және қала мен аудан әкімдерінің орынбасарлары (жұмыс комиссиясының төрағалары), жер қатынастары бөлімдері басшылары, аудандарда жаңадан құрылған ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануға және қорғалуына мемлекеттік бақылау жүргізетін мемлекеттік инспекторлар қатысты.

Жер кодексіне қатысты бүгінгі күнге дейін шешімі табылмай отырған кейбір күрделі мәселелерге талдаулар жасалды.