Желі жұлдызына айналған 18 жастағы қақпашы
Хоккейден жастар арасындағы ел чемпионатында теміртаулық «Qarmet» клубының 18 жастағы қақпашысы «Ақтөбе» клубымен ойын барысында керемет сейв жасап, желі жұлдызына айналды.

18 жастағы Алексей Зюзин ойын барысында қарсыластардың қақпаға бағыттаған шайбасын тісімен қағып алған. Дәл осы сәт оператор камерасына анық түсіп қалыпты. Сол көрініс «Головой Об Лёд» Telegram каналына жүктеп, эмоцияларымен бөліскен.
– Теміртаулық «Qarmet» хоккей клубының қатарындағы қандай тас қамал ойыншы? Таныс болыңыздар, бұл – Алексей Зюзин. Соққыны тіспен қайтарған. Айтпақшы. Қақпашыда бәрі дұрыс. Денсаулығы жақсы, – деп жазба қалдырған.
Өкінішке қарай, «Ақтөбе» мен «Qarmet» клубтары арасындағы ойын алаң иелерінің пайдасына шешілді. Есеп – 2:1. Алаң иелері сапынан Матфей Катасонов пен Роман Двуреченский шайба салып, командасын жеңіске жетеледі. Ал, теміртаулық клуб сапынан жалғыз салынған шайбаның авторы – Никита Рублев. Енді 4-5 желтоқсанда теміртаулық клуб рудныйлық «Кеншілерге» қарсы ойын өткізеді.
Айта кетейік, жерлестер турнир кестесінде 27 ұпаймен VII орында тұр.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz
Видео «Головой Об Лёд» Telegram каналына