Жедел оқыту жүйесі

Мемлекеттік тілді дамыту және танымалдылығын арттыру жөніндегі «Soyle» жобасы аясында жаңа бағыттар қолданысқа енгізілуде.

Жаңғыртылған интернет-ресурс өз тұтынушыларына қазақ тілін әдеби-ауызекі тілде анағұрлым жылдамырақ және тереңірек мең­геру­ге мүмкіндік береді. Жағым­ды жаңалықтың игілігі тілді үйренуге ықыласты қалың қауымға биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолжетімді.

Жобаны әзірлеуші тарап – мемлекеттік тілді дамыту қоры мамандарының мәлімдеуінше, жа­ңа оқыту жүйесінің басты мақсаты – тіл үйренушілерге алғаш­қы қиындықтарды ең­серуге жәрдем­десу, әңгіме барысындағы негізгі тірек сөздерді дұрыс пайдалана отырып, еркін сөйлеуге қалып­тастыру.

Алғашқы кезекте тәжіри­белі оқытушылар онлайн режиміндегі конференция ар­қылы оқытуды тегін жүргіз­бекші. Осы ретте қазақ тілін мобильді қосымшалар арқылы үйренуге болатынын атап өткен жөн.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,

«Орталық Қазақстан»

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.