Жеңіс Қасымбек Қарағандыдағы қоқыс жинауды тәртіпке келтіруді талап етті
“ГорКомТранс” компаниясына Қарағандыны қоқыстан дер кезінде тазарту тапсырылды. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек лас жерлерді аралап, ҚТҚ шығару бойынша қалаға қызмет көрсететін мердігерлермен кездесті. Бүгінгі күні облыс орталығында үш компания жұмыс істейді, Негізінен “ГорКомТранс” жұмысына қатысты шағымдар көп. Фирма Майқұдық пен Узенка ауданын басым бөлігін жинайды.
– Күн сайын тұрғындар үлкен қоқыс үйінділерін әлеуметтік желілерде жариялайды. Біз сіздерге сендік, жұмыстың көп бөлігін бердік. Жағдай қала тұрғындарының наразылығын тудыруда. Тазалауды тездетіңіздер. Октябрь ауданының әкімдігіне шартты бұзу және оны бұзу бойынша қатаң шаралар қабылдау қажет, – деді Жеңіс Қасымбек.
Мердігер персоналдың, қаражат пен техниканың жетіспеушілігін алға тартты.
– Осы себепті күн жарықта контейнерлерді жиналған қоқыстардан босатуға үлгермейміз. Мереке күндері жағдайды түзетуге тырысамыз, – деді “Горкомтранс” ЖШС директоры Виктор Иванов.
Жеңіс Қасымбек сондай-ақ Көкпекті бағытындағы айналма жолды аралап көрді. Бұл жолға қатысты жүргізушілерде сын жетерлік. Қар еру кезеңінде қозғалыс қиындай түседі. Өңір басшысы жөндеу кезінде айналма жолдың параметрлерін қанағаттанарлық жағдайға жеткізіп, учаскені аяқтау процесін тездетуді тапсырды. “ҚазАвтоЖол” биылғы жылдың жұмыс маусымының соңына дейін жол жұмыстарын аяқтауға уәде берді.
Бүгінгі таңда Солтүстік-Шығыс айналма жолы қозғалыс үшін ашық. Көпір құрылысы бойынша жұмыстар аяқталмаған. Сондай-ақ жол белгілерін, қоршауларды орнату, жарықтандыру жүргізу және жол жиектерін нығайту қажет. Құрылысшылар мұның бәрін жаздың соңына дейін жасауға уәде береді.
Сондай-ақ, аймақ басшысы Майқұдық шағын ауданындағы “7-20-25” бағдарламасы бойынша салынып жатқан тұрғын үй құрылысының барысымен танысты және “Сантехпром” кәсіпорнында болып қайтты.