Абай

Жаңғыру жазудан басталады

     Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керегін айтты.

Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық  дәрежеге шығуына жол ашады. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз.

Мемлекет басшысы айтқандай, балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады. Ал, Ұлт Көшбасшысының жақында ғана жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Елбасы: «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық. Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз», – деді.

Осыған орай, №1 қосымша білім беретін мектеп орталығында қазақ тілі пәнінің мұғалімдері «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты тақырыбында сынып сағаттары, көрмелер, дөңгелек үстелдер, сыныптан тыс шаралар ұйымдастырды.

«Латыншаға көшудің терең логикасы  бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру үдерісінің ерекшеліктеріне  байланысты. Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жүр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес», – деп жазады Н.Назарбаев бағдарламалық мақаласында. Шынымен, заманауи  құралдар – компьютер, ұялы телефондарды пайдалану нәтижесінде, ағылшын тілін кеңінен қолданудамыз.

Ағылшын тілін білу арқылы – латын тілін білу біздің жастарымыз үшін еш қиындық туғызбайды. Демек, бұл – ұлттық сананың жаңғыруы.

Жаңғыру жазудан басталады.

 

Г.АЯПБЕРГЕНОВА,

№1 ҚББМО қазақ тілі пәнінің

мұғалімі.

АБАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button