Жаңалықтар

Жазасын өтеушілер ұлттық спорт түрлерінен сайысқа түсті

№34 түзету мекемесінде Наурыз мерекесіне орай жазасын өтеушілер арасында ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті.

Суреттер: №34 түзету мекемесінен

Мекеме басшысының орынбасары Әсет Қызыловтың айтуынша, бұл сайыстар наурызнаманың онкүндігі аясында бүгінгі «Ұлттық спорт күніне» орай ұйымдастырылған.

Мереке күндері ұлттық ойындар көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекеге реңк береді.
Жарыс аяқталғаннан кейін қатысушылар естелік сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button