Бас тақырып

Жаз басталмай жатып 27 орман өрті тіркелді

Мамандардың болжамы бойынша биылғы жаз ыстық болады-мыс. Соның салдарынан табиғи өрттің болу қаупі де жоғары екендігін айтады. Қазірдің өзінде елімізде 27 орман өрті және 122 дала жануы тіркелген. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов үкімет отырысында айтып берді, деп хабарлайды Ortalyq.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: ҚР ТЖ министрлігінен

– Өңірлерде өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық іс-шаралар жалғасуда. Орманды дала алқаптары мен демалыс орындарында мобильді топтар рейдтер жүргізіп, нәтижесінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 630 адамға айыппұл салынды. Сонымен қатар, шаруа қожалықтарын аралау жұмыстары жүргізілуде, – деді министр.

Табиғи өрттерге ден қою алгоритмін практикалық пысықтау үшін өткен жылы «Ормандала-2023» оқу-жаттығуы өткізілді. Барлық өңірлерде орман шаруашылығы мекемелерімен 53 өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Министрліктің оқу орталықтарында орман күзетінің 1 300 жұмысшысы оқыды.

– Әр өңірде ірі өрттермен күресу үшін жалпы саны республика бойынша шамамен 50 мың адам және 10 мыңнан астам техникадан тұратын күштер мен құралдар топтамасы дайындалды. Қазавиақұтқару авиациясының 19 борты тұрақты дайындық режимінде тұр, оның 9-ы су төгетін құрылғылармен жабдықталған. Аэровизуалды барлау үшін 120 ұшқышсыз ұшу аппараты бар, – деді министр.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғау қызметтерімен бірлесіп елдегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайтын болады.

– Қазіргі таңда елімізде болып жатқан су тасқыны ТЖМ-ның кез-келген қауіп-қатерлерге дайын екендігін көрсетіп жатыр. Дәл осы режимде өрт қауіпті кезеңде барлық қажетті іс-шаралар ұйымдастырылатын болады, – деп ТЖМ басшысы ақпараттандырды.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button