Жаңалықтар

Жауапкершілік жүктейді

   19-21 қаңтар аралығында Қарағанды облысының ІІД Жергілікті полиция қызмет «Мас жүргізушілерді бақылау» профилактикалық шарасын жүргізді.

    Шараның басты мақсаты – көлік құралдарын масаң күйде басқарған жүргізушілермен жасалатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол апаты мен өлімді азайту.

   Жол-патрульдік полиция инспекторлары масаң және есірткі пайдаланған азаматтардың көлік басқару фак­тілерін анықтау бойынша жұмысты күшейтті. Рейдтік шаралар барысында ойын-сауық орындары бақылауға алынды. Себебі, мұнда келушілердің арасында ішімдік ішіп, көлік басқару деректері жиі тіркелуде.

    Рейдтің алғашқы күні «Волга» автокөлігін мас күйде басқарған азамат құрықталды. Ол полицияның тоқтату әрекетіне бағынбай, жол шетіндегі қалың қарға соғылған. Облыстық наркологиялық орталықта жүргізушінің ішімдік ішкені айқындалып, оған әкімшілік хаттама толтырылды. Көлігі айыптұрағына қойылды.

    Өткен жылы мас жүргізушілердің кінәсінен 42 жол-көлік оқиғасы орын алып, 14 адам қаза болды. 52 адам түрлі деңгейдегі жарақаттар алды.

    Қарағанды облысының Жергілік­ті полиция қызметі Қарағанды қаласы мен облыс тұрғындарына масаң күйде көлік басқарған жүргізушілер туралы ақпаратты хабарлауды сұрайды.

Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button