Қарағанды

Құжат рәсімдеуге көмектесті

Облыс прокуратурасы мен көші-қон полициясы бірлесіп, «тұрғындар сенімі» жобасының аясында, Бұқар жырау ауданына қарасты шалғайда жатқан 5 ауылдық округке барып, Қазақстан Республикасының жеке куәлігін ала алмай жүрген тұрғындарды құжаттандырды.

Мәлім болғандай, өңірдегі 30 азамат 1974-ші жылғы үлгідегі төлқұжатпен жүрген. Сондықтан, шұғыл түрде екі азаматтан жеке куәлік алуға керекті құжаттар қабылданды. Қалған азаматтарға көші-қон қызметінде жеке куәлікті рәсімдеу жолдары түсіндіріліп, өтініш үлгісі таратылып берілді.

«Азаматтардың Кеңес дәуірінен жеткен төлқұжаттарын жеке куәлікке алмастырмауының себебі, ауылдардың аудан орталығынан тым шалғайда орналасқандығынан», – дейді прокурорлар.

Бұл шара облысымыздың барлық өңірлерінде жалғасатын болады.

Қарағанды облысының прокуратурасының баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button