Жаңалықтар

Жат ағым жолдан тайдырмасын

Сағыныш ӘБІЛОВА,
«Орталық Қазақстан»

Бүгінгі таңда жер жаһанға алаңдатушылық туғызып отырған діни ахуал мәселесі біздің елімізде де мықтап қолға алынған. Аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілетін дін туралы жиналыстар өзінің оң нәтижелерін беріп келеді. Халық арасындағы діни шиеленістердің алдын алу және жат ағымда жүрген қаракөз қандастарымыздың бетін бұру, әрі өскелең ұрпақты жат жолға түсіп кетпеуіне ықпал ету мақсатында өткізілетін жиындар бұл жолы қала басындағы М.Әдекенов атындағы Қарқаралы ауыл-шаруашылық колледжінде өтті. Ата-ананың қамқор бауырынан шығып, өмір атты үлкен баспалдаққа алғашқы қадам басқан жасөспірімдерге ненің бұрыс, ненің дұрыс екенін жеткізу елінің ертеңі, бейбіт тірлігі үшін жаны ауыратын азаматтардың жауапкершілігі зор міндетіне айналған. Осы орайда, колледж студенттеріне арнайы дәріс оқыған республикалық ақпарат тобының мүшесі, Қарағанды қаласының «Салауатты қоғам» діни бірлестігінің жетекшісі, теолог Нұрбол Тағаев халықтың құтын қашырып, жауыздық әрекеттерге барып жүрген жат ағымдағы жастардың іс әрекетін адами құндылықтарға қарама-қайшы екендігін, ислам дініне кереғар әрекеттер екендігін нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіріп берді. «Дін ұстанамын деп жүргендер ерсі, қауіпті әрекеттерге барып жүр. Қарындастарымыз ағымдардың жетегіне еріп, идеологиясын, адами құндылықтарды өзгертті. Ислам құндылықтары қасиетті кітабымыз Құрандағы хадистерімізбен дәріптеледі. Осыны өздеріне қарай ыңғайластырып алды. Ой санасы уланған жат ағымдағы жастарымыз Алланың жолында өзіңді немесе біреуді өлтірсең, жәннатқа кіресің дейді. Алайда, ешкімде жәннатқа қанды қолмен кірмейді. Пайғамбарымыздың өзі тыныштық орнаған жерде бұзақылық жасама деген» дей келе, студент жастарды, ізгілікке, бауырмалдыққа шақырды. Студент жастармен жүргізілген мағыналы да мәнді де жиынды аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Қанат Дүйсенбаев жүргізіп отырды. Кездесуге қатысушылар тарапынан түрлі сұрақтар да қойылды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button