Қарқаралы

Жасыл шырша жанында

    Жаңа жыл, әсіресе, балалар үшін қуанышқа толы, нағыз думанды мереке. Жылдағы жақсы дәстүр бойынша биылғы жылғы ел Президенті атынан өткізілген аудан әкімінің шырша мерекесі жиналған балдырғандарға керемет көңіл-күй сыйлады.

Ертегі әлеміндегі аңыз кейіпкерлермен қатар, түрлі жануарлардың киімдерін киген бүлдіршіндердің қуанышында шек жоқ. Мерекеге жиналған балаларды алдымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бейнебайланыс арқылы құттықтады. «Бүгін байтақ еліміздің барлық өңірінде өнегелі балалар жаңажылдық шыршаның айналасына жиналды. Жаңа жыл ең алдымен балалар мен бүлдіршіндерге қуаныш сыйлайтын мереке. Мен сендерді, сендер арқылы барша қазақстандық балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын», – дей келе, Елбасы егемен еліміздің ертеңі өскелең ұрпақтың, білімді ұрпақтың қолында екендігін жеткізді.

Жалпы аудандағы әр елді мекеннен жиналған оқуда озат, белсенді оқушылардың басын қосқан мерекеде аудан әкімі Халел Мақсұтов та өзінің жүрекжарды лебізін жеткізді. 100 балаға арнайы дайындалған жылы киімдер мен сыйлық, тәтті-дәмді толы қоржындарды сыйлады.

Жасыл шыршаның ғажайып мерекесіне жиналған балаларға арнап, «Ертарғын» қуыршақ театры Жаңа жылдық қойылым қойып, жиналғандардың зор қошеметіне бөленді. Келесі бөлімде барлық оқушылар әсем безендірілген шыршаны айнала ән айтты. Би билеп, көңілді әуендер шырқады. Сазды мереке балаларға арнайы дайындалған дастарқан басында жалғасын тапты.

Сағыныш ӘБІЛОВА

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button