Жаңалықтар

Жастармен тағылымды кездесу өтті

Топар кентінің кітапханасында «Тарихтың қайғылы ескерткіші» тақырыбында оқырмандармен кездесу өтті. Шара Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналды.

Сурет ұйымдастырушылардан

Кездесуге кенттегі «Құрдастар» жастар клубының мүшелері қатысып, кітапханашылар бұл күннің тарихи маңызы мен сол кезеңдегі қасіретті оқиғалар туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар, «Ауыр сынақтар жылдары» атты бейнеролик көрсетілді. Шара барысында Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы сияқты ұлт зиялыларының тағдырлары туралы мәліметтер ұсынылып, сол кезеңді бейнелейтін әдеби шығармаларға шолу жасалды.

Бұл кездесу қатысушыларға тарихи оқиғалардың ауқымын тереңірек түсінуге және адам өмірі мен еркіндігінің құндылығын сезінуге мүмкіндік берді.

Ержан ИМАШ
Абай ауданы

Басқа материалдар

Back to top button