Шет

Жастар жәрдемі

     Шет ауданындағы жастар ерікті жасақтары Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және тыл еңбеккерлеріне көмек көрсетуде.

Жуырда «Ардағым – ардагерім» акциясы аясында ауданның жастар ресурстық орталығының бастамасымен Ұлы Отан соғысының ардагері Мұқажан Ақажанов тұратын үйдің ауласы қардан тазартылды.

Ерікті жастар қатарында агротехникалық колледждің І курс студенттері – А.Жұмабаев, Ғ.Әбілда, М.Кәкімбек, С.Тілеукен көмектерін көрсетті.

Мұқажан ақсақалдың отбасы үлкендерге қол ұшын созған белсенді жастарға зор ризашылығын білдірді. Мұқажан ақсақал жастар тәрбиесінде берері мол бастаманы қолға алған белсенділерге алғысын жеткізіп, ақ батасын берді.

Шет ауданында аталған сенбілікті айына екі рет өткізу дәстүрге айналған.

Жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі.

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button