Сәтбаев

Жастар іске кірісті

     Биылғы жаз маусымында Сәтбаев қаласының келбеті келісті бола түсуіне жастар қауымы белсенді үлес қоспақшы. Дәлірек айтсақ, санитарлық тазалық, көгалдандыру және абаттандыру шараларын жастардың «Бәйтерек», «Ақ қайың», «Бәйшешек», «Айнакөл» және «Кеңгір» атты еңбек жасақтары да жүргізетін болады.

Жастардың еңбекке құлшынысы қала басшылығы тарапынан қолдау тауып отыр. Қалалық жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен өткен еңбек маусымының салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі Асқар Ыдырысовтың арнайы қатысып, ақ жол тілеуі – соның айғағы.

Қаланың экологиялық қауіпсіздігі – аса маңызды міндеттердің бірі, – деді өзінің құттықтау лебізінде Асқар Абылайұлы. – Осынау абыройлы міндетті іске асырушылар қатарында жастар қауымының болуы көңілге қуаныш ұялатады. «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының тындырымды шаруаларды орнықты атқарып, сенім үдесінен шығары күмәнсіз. Елді сүю, алғашқы кезекте, туған жерді сүюден бастау алады. Ал, сүйіспеншілік бар жерде жетістіктің ауылы ешқашан алыс болмайды.

Қалалық жастар ресурстық орталығы басшылығының мәлімдеуінше, жоспарлы жұмыс ауқымы нақтыланып, бекітілген. Сонымен қатар, еңбек жасақтарының жұмысы жүйелі болуына негіз қалайтын құжаттамалық алғышарттар толыққанды ретке келтірілген.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button