Қарағанды

Жасампаздыққа бастар жол

    Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын кезекті Жолдауында бәсекелестік қабілеттілігін арттыруға жол ашатын бес негізгі басымдық көрсетілген. Соның ішінде төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту деп, тәрбие мен оқытудың тиімділігі айқын көрсетілді.

Адами капиталдың дамуы – Қазақстан үшін стратегиялық міндет. Сондықтан, Елбасымыз осы бағытқа инвестиция салуды, Қазақстан азаматтарының білім алуы мен денсаулығын жақсарту үшін қаражат бөліп, осы екі саланы үздіксіз дамыту туралы үнемі айтып келеді. Еліміздің даму стратегиясының негізгі бір тармағы халыққа білім беру болып табылады. Сондықтан, балаларды мектепке даярлау мәселесі өзекті істің біріне айналып отыр. Еліміздің бүгіні мен ертеңі болар жас ұрпақты тәрбиелеу – тәрбиешілердің міндеті.

Бұрындары білімнің сапасына үлкен мән берілсе, бүгінгі күні білімнің сапасымен бірге бүлдіршіннің рухани тәрбиесіне және ішкі дүниесіне де көңіл бөлінуде, яғни, ғылым мен білімнің жаңаша бағытын барынша игеруді заман талап етіп отыр.

Бүгінде мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жолындағы инновациялық бағдарламалар жүзеге асуда. Балабақшаның негізгі міндеті – баланың мектепке даярлығын қамту, әр баланың дұрыс тәрбие алуына кепілдік беру.

«Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру» деген Елбасымыздың педагогтар алдына қойған міндетімен толығымен келісе және қолдай отырып, оны жүзеге асыру үшін толыққанды жұмыс атқарамыз. Өйткені, еліміздің болашағы – жас буынды тәрбиелеу мен оқыту біздің үлесімізде.

М.СЕЙТБАТТАЛОВА,

«Алтын сақа» балабақшасының тәрбиешісі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Сурет ғаламтордан алынды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button