Жасалған жұмыстың жемісі

Өткен жылдары Қарқаралы өңірінде болған су тасқыны өңір тұрғындарының есінде орны толмас өкініштермен қалғаны белгілі. Әр қауіпке қарсы қам-қарекет жасалса, көптеген ауыртпалықтың алдын алуға болары айқын. Соның бір дәлелі – былтырғы жаз айларында Нұркен ауылында су тасқынына қарсы шаралар, биыл өз нәтижесін беруде.

Нұркен ауылына қарасты Ақшоқы елді мекенінің су келер жағынан және Нұркен ауылының жылда су басып, әбігерге салатын қауіпті аймақтарында жалпы ұзындығы 4 шақырымға жуық бөгет-тоғандар тұрғызылды. Өзек арналары аршылды. Нұркен-Қайнарбұлақ бағытындағы тасжол бойындағы су ағарлар тазартылды. Қыстағы борандарда қар алып қалмау шаралары атқарылды.

Мұндай қыруар шаруа техникасы жоқ аздаған адамның қолынан келе бермейді. Бұл орайда, аудан әкімі Халел Мұқатайұлы бас болып, аудан мекемелерінің басшылары, ауыл азаматтары, директор Қ.Жиенқұловтың ұйымдастыруымен ауыл мектебінің ұжымы, ауыл әкімдігі және осы игі іске арнайы техника беріп қол үшін берген облыстық төтенше жағдайлар департаментіне, аудандық төтенше жағдайлар бөліміне ауыл халқының айтар алғысы шексіз.

Ернияз МӘМЕТҰЛЫ.

Нұркен ауылының тұрғыны.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.