Жаңалықтар

Жас сарбаздарға қару табысталды

5451 әскери бөлімінің саптық алаңында 2-2023 сарбаздарына салтанатты түрде қару табыстау шарасы толық  құрамда өтті.

Суреттер: автордан

– Әскери антын қабылдаған күнінен бастап, әрбір жас жеткіншек сарбаз  атанады. Бүгінгі күні жас сарбаздарға салтанатты түрде қару табысталып, бүгіннен бастап командирлерінің көмегімен өздері түсетін қызметтің қыр-сырын меңгеруге кірісіп жатыр, – дейді 5451 әскери бөлімінің ТжӘҚЖ жұмыстары бөлімшесінің бастығы майор М.Таубаев

Ендігі кезекте әскери қызметшілер үшін қызметке түсу апталығы басталды, екі апта көлемінде сарбаздар өздерінің басты міндеті бекет сақшысы, Қарағанды қаласының қоғамдық тәртібін сақтау қызметі бойынша патрульші ретінде сынайтын болады.

Алияр ДҮЙСЕНБАЙ,
ҚР Ұлттық ұланы Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button