АймақҚарағанды

«Zhas Project» жобасы басталады

Бүгін «Zhas Project» жобасының басталуына орай әрі алдағы уақытта қалай жүзеге асатыны жайлы брифинг өтті. Бұл жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының тапсырысымен іске асады.

Сурет: ortocom.kz

«Zhas Project» жобасының негізгі мақсаты – ақпараттық-түсіндіру және ағартушылық жұмыстар арқылы NEET санатындағы жастар арасында кәсіпкерлік деңгейін арттыруға жағдай жасау.

25 наурыз бен 24 сәуір аралығында «Zhas Project» әлеуметтік жобалар байқауына өтінімдер қабылданады. Жоба шеңберінде жастарға 1 миллион теңге шеңберінде 280 шағын грант беру көзделген.

Жоба жастарды қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріне баулып, іскерлік қоғамда өз мүмкіндігін сынауға мүмкіндік бермек. 2022 жылы жоба Алматы, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау, Маңғыстау және Түркістан облыстарында пилоттық режимде сәтті жүзеге асқан болатын. Ал 2023 жылы жоба еліміздің 20 аймағында іске қосылып, биыл жалғасын таппақ.

Кіші гранттар байқауына қатысу шарттары арнайы ашылған http://zhasproject-karagana-kostanai.kz/ веб-порталында жарияланатын болады.

Қатысушылар веб-портал арқылы жеке өтінімдерін толтырып, сауалнамаға жауап беріп, қажетті құжаттарды ұсынуы қажет.

19 ақпаннан бастап +7777 870 2700 нөмірі бойынша жобаның бірегей жедел желісі іске қосылады. Осының барлығы жобаның ашық әрі әділетті өтуін қамтамасыз етеді.

Байқау жарияланған соң қатысушылармен менторлардың қолдау тобы жұмыс істеп, бағыт-бағдар береді.
Атап өтейік, гранттық қаржы қатысушылардың есеп шоттарына түспейді. Жобалық кеңсе қатысушылардың гранттық өтінімде көрсетілген қаржылық сметасы бойынша қажетті тауарлар мен қызметтерге қатысушылар келісімімен төлем жасайды.

Бұл қатысушылардың өз жобаларының іске асыруына көбірек көңіл бөлуіне көмектесіп, әрі қаражат құжаттарына кетіретін уақыттарын үнемдейді.

Барлық грант иелері жоба соңында есеп беріп, нәтижесімен бейнероликке түсіру қажет.
Жоба 2024 жылдың соңына дейін жалғасып, қараша айында соңғы екі жылда жүзеге асқан үздік жобалар авторларының қатысуымен қорытынды форум өтеді.

Жастарға берілетін гранттар тұрақты бизнесті бастауға жақсы негіз әрі бірінші қадамдарына нақты қолдау болмақ.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button