Қарағанды

Жас отбасылар дауыс берді

Ел тарихындағы жауапты кезеңнен жас жұбайларда қалыс қалмады. Қол ұстасып, отбасылық өмірге қадам басқан Алтынбек Кәрібай мен Гүлбаршын Әлімханова өз таңдауларын жасады. №82 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді.

– Бұл күн біз үшін ерекше. Бүгін отбасылық өміріміздің алғашқы құжаты неке қию туралы куәлігімізді қолға алдық. Жақсы ниетпен жаңа өмірге біздің шағын мемлекетіміз қадам басты. Ал бүгінгі саяси науқан бұл біздің жарқын болашағымыздың кепілі. Екі жағдайда да дұрыс таңдау жасағанымызға күмән жоқ, – дейді жаңа отаудың отағасы.

Алтынбек Қазақстан темір жолында инженер-технолог болып қызмет жасаса, Гүлбаршын медицина колледжінде фельдшер мамандығында білім алуда. Олар ел өміріндегі осы бір жауапты кезең өздері секілді жас маман, жас отбасыларға жарқын болашақ сыйлайтынына кәміл сенеді.

Сағыныш ӘБІЛ

Басқа материалдар

Back to top button