Руханият

Жас күйшілер – жүлделі

Қарағандыдағы «Қарақат» мектеп-студиясының «Көңіл­ашар» домбырашылар ансамблі Gulnar Fest ұйымдастырған көпжанрлы халықаралық байқауға қатысып, жүлделі ІІ орын иеленіп қайтты. Жас күйшілер Әбдімомын Желдібаевтің «Ерке сылқым» күйін орындады.

Сурет: байқау жеңімпаздарынан алынды

Республиканың түпкір-түпкірінен күй бағытында 20 ансамбль қатысқан сайысқа «Мен қазақпын» тележобасының қатысушысы, дирижер, домбырашы Шыңғыс Исаев төрелік етті.

Сахнаға алғаш шыққанда балаларда қорқыныш сезімі басым болыпты. Сол себепті күйдің кейбір жерлері дұрыс естілмей қалған.

Ансамбль мүшесі Айдар Шәм­шідин мұндай байқауға ал­ғаш рет қатысып отыр.

– Көп дос таптым. Біраз нәрсе үйрендім. Сахнаға шыққанда ептеп қобалжыдым. Бірақ, күй басталғанда рухым көтеріліп, бойымды жиып алдым. Ұстазымыз Шыңғыс ағай бізді байқауға көп дайындады. Мұнда келгенде де қасымызден бір елі де ұзап кеткен жоқ. Үнемі қасымызда болды. Қонақ үйде де «Ерке сылқым» күйін бірнеше рет қайталап, дайындалдық. Шымкент өте әдемі қала екен. Ұнады. Мұндағы келген оқушылардың бәрі талантты. Бірі – әнші, бірі – биші. Ал, біздің жансерігіміз – домбыра. Осы байқаудан кейін домбыраны баяғыдан қатты жақсы көре бастадым, – дейді ансамбль мүшесі Айдар Шәмшідин.

Ал, күйшілердің жетекшісі Шыңғыс Зікірияның айтуынша, байқау бес бағытта өткен.

– Атап айтсақ, ән, би, күй, актерлік шеберлік және мәнерлеп оқу. Күйді орындағанда кейбір жерінен қателік кетті. Сондықтан, екінші орын бұйырды. Ансамбль құрамында бүгінде 42 бала бар. Байқауға 29 бала қатысты. Алдағы сайыстарда кем­шілікті қайталамауға тырысамыз, – дейді Шыңғыс Нұрғалиұлы.

– Байқау жоғары дәрежеде өтті. Келесі байқауға бұдан да тыңғылықты дайындалып, жаңа күшпен ораламыз, – дейді жас күйші Нұрасыл Қуандық.

Аяулым СОВЕТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button