Абай

Жас буын – жарқын болашақ

Қазіргі ақпараттың дамыған ғасырында болып жатқан түрлі өзгерістер еліміздің білім беру жүйесіне де тың ізденістерді енгізді. Бүгінгідей білім беру жүйесі модернизацияланған заманда көп тілді меңгеруге жан-жақты жол ашылды.

Жас бүлдіршін бойына балабақша табалдырығынан үш тілді оқытудың алғашқы сатыларын қалыптастырса, баланың бойында тілге деген қызығушылық, оны үйренуге деген құштарлық артары сөзсіз. Орта мектепте үш тілде яғни, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы терең білім берілу жоспармен іске асуда.

Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өздік қолтаңбасы, әдістемелік ізденіс, қолданған әдіс-тәсілдер арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады. Мұғалім өзінің шеберлігіне қарай жаңа оқыту технологияларын үйлестіріп, бір-бірімен ұштастыра алса, сапалы білім деңгейіне көтеріп, жетістікке жете алады.

Сондықтан, ұстаздар қауымының алдында «Келешекке кемел біліммен жетуді көздеп, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп, бірнеше тілді меңгерген тұлғаны қалыптастыру мақсаттарының бірі тұрғаны белгілі.

Елбасы Нұрсұлтан Әбіш-ұлы Назарбаев «Үш тілді – мемлекеттік тіл, орыс тілі және ағылшын тілін меңгергеніміз өте дұрыс. Біз осылай үш тілді қолдансақ, түбінде жолымыз ашық болады» деп баса айтқан болатын. Осы бағытты ұстанған Абай ауданы Мичурин негізгі орта мектеп ұжымы үш жылдан бері үш тілділікті меңгерту тәжірибелік алаңында өз жұмыстарын жүргізіп келеді. Орыс тіліндегі мектептің әр оқу жылының жылдық жұмыс жоспарында, үш тілді оқытудың міндеттері енгізілген. Оқу үрдісінде үш тілде білім беруді ескере отырып, қолданыстағы МЖБС мен оқу бағдарламаларын жетекшілікке алған.

Үш тілде білім беруді дамытудың оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қарым-қатынас тәсілдерді, пәнаралық және өтпелі тақырыптарды, пәндердегі сабақтастықты ескере отырып, тіл пәндерінде үш тілді оқытуда үш тілділікті оқытуды енгізіп келеді. Мектеп ұжымының басқаруымен жоспар бойынша, үш тілде білім беру бойынша жобалар ұйымдастырылып, жыл сайын түрлі деңгейде оқушылар жобаларға, әртүрлі сайыстарға қатысуда.

Дарынды оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыта отырып, ақпарат кеңістігіне ену мүмкіндіктерін кеңейту, бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында қолға алынған. Білім ошағында тәжірибелік алаң жұмысы бойынша қалалық деңгейде тәжірибе алмасу семинарлар, онлайн сабақтар ұйымдастырылып отырады. Өткен оқу жылында өткізілген онлайн-сабақ барысында, әсіресе, «Су-тіршілік көзі» тақырыбындағы қазақ тілі сабағын өткізу барысында оқушылардың білімін жүйелі тексеруде үш тілде қолданылған әдіс-тәсілдер қатысушылардың қызығушылығын арттырған.

Пән сабақтарында үш тілді насихаттау және тілдік қорларын дамытудағы әдіс-тәсілдер сабақтарда тиімді пайдаланылады. Сабақтарда ағылшын тілінде ойын стратегияларын пайдалану, сыни ойлауларын дамытуға ерекше әсер етуде. Үш тілде білім беру тәжірибесін жақсарту үшін зерттеу нәтижелерін енгізудің мониторингі жүргізілуде. «ХХI көшбасшысы» зияткерлік ойыны аясында мектеп және аудан аясында төменгі және жоғарғы сынып оқушыларының лигаларын әзірлеп ойындар ұйымдастырылып отырады. Мектепте мемлекеттік және ағылшын тілінде мектептің даму жоспары негізінде тіл үйрену бойынша факультатив сабақтары ұйымдастырылған. Олар – «Атажұрт», «Ағылшынша қызығушылықпен», «Жас ізкесерлер», «Ағылшынша сөйлесеміз», «Абайтану».

Осылайша, үш тілділіктің бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі екенін жүйелі жұмыстармен көрсетіп отырған білім ошағының жетістіктері де жетерлік. Өзге ұлт балалары оқитын орыс тіліндегі мектепте өткен оқу жылы бойынша аудандық қазақ тілінде жоба қорғаудан 1 оқушы – ІІ орын, қазақ әдебиеті пәнінен Республикалық шығарма байқауынан 1орын – 3 оқушы орындар алып, марафондарға «Ақ –Бота» , «Britsһbulldog», «Русский Медвежонок» оқушылар қатысып, жүлделі орындар иеленіп, мектеп абыройын асқақтатты.

Мектеп ұжымы алдағы оқу жылында, болашағынан үміт күттіретін, үш тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыратын, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті, егеменді елеміздің ұл-қыздарына білім беріп, тәрбиелеуде жоғарғы биіктерден көріне бермек.

Маржан Каппарова,

Мичурин негізгі орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

АБАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button