АймақЖаңалықтарҚарағанды

Жараланған тырнаға протез Қарағанды хайуанаттар бағы есебінен жасалады

Қарағанды хайуанаттар бағына жаралы демуазель тырнасы әкелінді. Бұл қызыл кітапқа енген құс түрі. Қарағанды хайуанаттар бағы жаралы құсқа ота мен аяқтарын протездеуге демеушілік жасамақ.

Хайуанаттар бағына жаралы құсты Ақтас ауылының тұрғындары мен орман шаруашылығы комитетінің инспекторлары алып келген.

Суреттер: хайуанаттар бағынан

Құстың нақты қалай жарақат алғаны белгісіз, бірақ аяғынан айырылған. Жараланған құсты құтқару үшін оған ота жасап, протездеу қажет. Құс өте әдемі, мойыны ұзын, қара. Мен өзім аққулар мен тырналарды жақсы көремін. Құс өте ауыр жарақаттанған. Хайуанаттар бағының есебінен біз оған ота мен аяғына протез жасатпақшымыз. Құсты құтқару үшін ақысын төлеуге дайынбыз, – дейді зообақ директоры Гүлнар Адамбекова.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button