Қарқаралы

Жанарға жарық сыйлаған

Қоғамның басты байлығы –  адам өмірінің сақшысы бола білген ақ халатты абзал жандардың ерен еңбегі, атқарған істері әрқашанда халықтың жадынан шықпауы тиіс. Осы орайда ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп жүрген дәрігер-офтальмолог Хамитова Сәния апайды білмейтін жан кемде кем шығар.

Алдына барған адамға мейірім шуағын төгіп, бар ынтасымен қызмет көрсететін абзал жан зейнеткерлікке шыққанына біраз жылдың жүзі болса да, әлі де қатардан қалған жоқ. Нақты айтсақ, Сәния апай аудандық ауруханада көз дәрігері болып қызмет жасап жүр. Себебі, маман тапшылығына байланысты Сәния апайдың орнын алмастыратын ешкім жоқ. Жанарының нұры тайған жандарға жарық дүние сыйлап жүрген Сәния апай өзінің қызмет жолында талмай, ізденісінің арқасында мол тәжірибе жинады.
Бұрынғы Целиноград облысының тумасы қайсар қыз 1972 жылы Қарағанды медициналық институтын терапевт мамандығы бойынша ойдағыдай аяқтайды. Жылдық интернатураны Қарағанды қаласындағы облыстық клиникада өтіп, көп ұзамай Қарқаралы аудандық ауруханасына жіберіледі. Алғашқы еңбек жолын Жамбыл ауылынан бастайды. Құшағында төрт айлық перзенті, жолдасы және енесі бар. Ауылдық жердің қиыншылығына көндіге жүріп, халыққа адал қызмет жасады. Қандай жағдайда болсын көмегіне зәру жандарға дер уақытында жетіп, көмек көрсету айнымас қағидасына айналды. Тіпті, бірде аяғы ауыр ананы да босандырып алған кезі бар. Бұл, әрине, Сәния апай үшін үлкен мектеп болды. Алғаш адамдарға керек екендігін сезінді. Әлі де солай, бұл кісінің кабинетінің алдында үнемі кезек тұрады.

Сағыныш Әбілова.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button