Қарағанды

Жанайқайымыз – жолдың азабы

    Жолдың жайы «Орталықта» аз жазылып жүрген жоқ. Әлі де артық болмас. Осы жазғанымызды Қарағанды қаласының әкімі оқыса, тиісті шара қолданса деген ниетіміз бар.

Октябрь ауданына қарасты Көгілдір тоғандар ықшам ауданындағы жолдың жағдайы адам шошитын жағдайда. Шалғайдағы ауыл, аудандарды айтпағанда, облыс орталығындағы жолдың осындай халге түсуі ақылға сыймайды.

Көктем шыға жол езіледі. Саз-батпақтан аяқ алып жүру – бір бейнет. Біздің ықшам ауданда көлікпен немесе жаяу жүру тым қиындап кетті. Жергілікті билік тарапынан көше жолдарының шұңқырын бітеп, жолды қалпына келтіру жұмыстары биыл мүлдем жүргізілген жоқ.

Көгілдір тоғандарда мектеп-балабақша кешені, емхана және балабақша, бірнеше сауда үйлері бар. Қарайған халық тұрады.

Жергілікті биліктен осы мәселені реттеуін сұраймыз.

Қуантай ӘЖИН,

Көгілдір тоғандар

ықшам ауданының тұрғыны.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button