АймақАқтоғай

Жалынды жастар жауапкершілігі

Туған жер – адамның жүрек түпкірінен орын алатын қасиетті ұғым. Туған жерге ту тігу дегеніміз – біріншіден, туған жеріңді жүрекпен сүю және оның көркейюіне өз еңбегіңмен үлес қосу. Туған жерге тігілген ту – адам жүрегіндегі асыл армандардың негізі, биік мақсаттар мен жоспарлар, атқарылар азаматтық істердің бастауы.

Суретті түсірген автор

Бүгінгі таңда жастар – халықтың үлкен әлеуметтік тобы. Олардың жазғы демалысын тиімді пайдалану мақсатында 3 маусымнан 31 тамызға дейін жалғасатын «Жасыл ел» еңбек жасақтары бағдарламасы жүйелі түрде жыл сайын жүзеге асырылуда. Осы бағдарлама аясында Ақтоғай аудандық Жастар орталығының ұйымдастыруымен 150 сарбаз маусымдық жұмыспен қамтылып отыр.

«Жасыл ел» жобасының мақсаты – елімізді көгалдандыру ғана емес, сонымен қатар, жастардың бойындағы жауапкершілікті, туған өлкені көріктендіріп, саябақтар мен гүлзарларды күтімге алу, жастардың қоғамдық ортаға деген мәдениетін қалыптастыра отырып, қоғамдық һәм пайдалы еңбекке тәрбиелеу.

Алғашқы жұмыс күнінен, Қарағанды технология және сервис колледжі жанындағы тігін цехы тіккен фирмалық киімдерімен қамтамасыз ете оты­рып, барлық мүмкіндікті жасауда. Осындай қолдаудың арқасында біз де ту­ған жерді көркейтуге өз үлесімізді қосып келеміз.

Өзімнің еңбек жолымды туған же­­­­рім­­нен бастағанымды мақтанышпен айтамын. «Жасыл ел» сарбаздары түрлі мәдени шараларға, акцияларға, жиындарға белсенді түрде қатысады. Сол арқылы қоғамдағы өз орнымызды сезінгендей болдық. Елдің ертеңіне жауапты жастардың жарқын бастамаларына қолдау көрсетіп, жігер беріп, биіктерге жеткізер табандылыққа тәрбиелеп жүрген Шыңғыс Елегенұлына, жастардың бойындағы жауапкершіліктің шынайы жолын көрсете білген Назерке мен Сана апайымызға шексіз алғыс айтамыз!

«Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің болашағы – жалынды жастардың қолында!» деп үлкен сенім артып, қолдау көрсетіп отырған баршаңызға шексіз ризамыз!

Әмина ЗЕКЕН,
«Жасыл ел» сарбазы
Ақтоғай ауданы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button