Жаңалықтар

Жалынды жастар жарқылы

         Елбасы Н.Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Ал, жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деген болатын.
img-20160930-wa0006
Отансүйгіш, патриот ұрпақ тәрбиелеудегі инновацияшыл тың идеялардан бастау алатын «Өзін-өзі басқару» ұйымдары қала мектептерінде, атап айтқанда М.Жұмабаев атындағы №39 мектеп-гимназиясында өз жұмысын бастады. Мектеп оқушыларының орта және жоғары буындарынан құралған ұйымның мақсаты – жалпы адами құндылықтарды бағалау, шешім қабылдай білу және де білім жолындағы шексіз мүмкіндікті сезінуге тәрбиелеу. Ұйым мүшелерін тың идеялар арқылы рухани жетілдіруде зор еңбек қосып жүрген мектептің  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы әрі «Өзін-өзі басқару» ұйымының жетекшісі Жанар Сыздықова:  «Өзін-өзі басқару» – оқушыларға арналған мектептегі күнделікті жүзеге асырылып отыратын жүйе бойынша құрылған тәрбие құралы. Тұлға қалыптастырудағы маңызы зор бұл әдісті ұлттық менталитетімізбен ұштастыра отырып іске асыруды көздейді. Сонымен қатар, мектебіміздегі мемлекеттік маңызы зор мерекелік іс-шаралар өткізу – ұйымның басты міндеті» дейді.

Ерсұлтан МАҚСАТОВ,
М.Жұмабаев атындағы
№39  гимназияның 6 “А” сынып оқушысы.

Қарағанды қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button