Білім

Жалақы өсті. Сағат қысқарды

2021 жылдың қыркүйегінен бастап ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы өседі. Сонымен қатар, жалақыдан бөлек басқа да ынталандыру төлемдерін белгілеп, оқытушылардың белгілі бір жетістігі үшін қосымша ақы төлей алады. Білім және ғылым министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ штаттағы оқытушыларға минималды жалақы мөлшерін белгілеу туралы тиісті бұйрыққа қол қойды.

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқытушылар ай сайын кемінде 200 мың теңге жалақы алмақ. Аға оқытушының еңбекақысы кемінде 230 мың теңге болса, қауымдастырылған профессор – 260 мың, профессор – 350 мың теңге (ұлттық жоғары оқу орындарында 400 мың теңге) алулары керек.

– Жоспарлы түрде оқытушылар үшін жайлы жағдай жасап, педагогтердің мәртебесі мен еңбекақысын арттырып жатырмыз. Осылайша жоғары оқу орындары тарапынан сапалы жұмысты, ал, оқытушылардан оқу процесіне жауапкершілікпен қарауды талап етеміз. Оқытушылардың жалақысы өскенмен, керісінше оқу жүктемесі төмендетілді. Бір ставканың максималды көлемі бір оқу жылында 680 сағаттан аспайды деп бекітілді. Бұл оқытушылардың ғылыми қызметпен айналысуына мүмкіндік беру үшін жасалып жатыр, – деді білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Back to top button