Қарағанды

Жаңашылдық – табысты білім кепілі

         Қазақстан халқы Елбасының жыл сайынғы Жолдауларынан тың жаңалықтар күтіп, болашаққа деген сенімдері мен үміттерін ұштай түсетіні қалыпты жағдай. Өйткені, Жолдауда ел дамуының жаңа межелері белгіленіп, халықтың әлеуметтік-рухани жаңғыруының көкжиектері айқындала түсетіні сөзсіз.

6 жалпы білім беретін орта мектебінің педагогикалық ұжымы Елбасымыз Н.Назарбаевтың биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауымен танысты. Білім беру саласының қызметкері болғандықтан, бізге жетінші міндет көп ой салып отыр.

«Адами капитал – жаңғыру негізі» бағытында педагогтарды қуантатын жаңалықтар көп.

Жаңартылған білім мазмұны бағдарламасы бойынша білім беру сапасын арттыруға бағытталған педагогикалық жаңалықтарды меңгеріп, заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыру барысында жетілдіру жұмыстарын одан әрі жалғастыру бағдарланып отыр. Соның ең бастысы – білім беру бағдарламаларын өзгерістерге үнемі бейім және жаңа білімді меңгертуге бейімдеу болып табылады. Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу тездетілуге тиіс. Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыруының қайта қаралуы, білім саласына, әсіресе мұғалім мәртебесіне көп көңіл бөлінгенін ерекше қабылдадық.

Шын мәнінде, бүгінгі уақыт – өзгерістер уақыты. Білім саласының қызметкерлері кез келген сынаққа, өзгеріске әзір болуы, сергек жүруі қоғамды алға жылжытатын фактордың бірі болса керек. Қазір орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу үдерісі жүргізілуде. Сондықтан, біздің ең басты басымдығымыз – баланың бейімін бағамдау, сол бағытта тереңдете оқыту.

Шану КАНТОРБАЕВА,

6 орта мектептің директоры.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button