Медицина

Жаңа жыл қарсаңында 700-ге жуық адам жарақат алған

Жаңа жылды мерекелеу кезінде аймақтағы жарақат пункттеріне 700-ге жуық адам жүгінген. Бұл туралы Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

Сурет: Денсаулық сақтау басқармасынан

Дәрігерлердің көмегіне әр түрлі ауырлықтағы жарақаттармен өңір тұрғындары жүгінді. Жол көлік оқиғасының салдарынан 12 адам зардап шеккен. Облыстық травматология қызметі ахуалдық орталығының меңгерушісі Ерік Шонбаевтың мәліметінше, зардап шеккендердің жалпы санынан 600-ден астам адам амбулаториялық емделуге жіберіліп, 36 пациент стационарларға жатқызылған.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button