Жаңа мұнай зауытының қайда салынатындығы қашан анықталады?
ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев биыл күзде төртінші мұнай өңдеу зауаты орналасатын өңір жарияланатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Менің ойымша, зауыттың орналасатын жері, оның қуаттылығы, салынатын инвестициялар көлемі, өндірілетін өнімі бойынша күзге қарай осы сұрақтарға жауап беруге дайын боламыз», – деді министр Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағаты барысында. Қ. Бозымбаев қазіргі уақытта Президенттің тапсырмасы бойынша жұмыс тобы құрылғанын еске салып өтті. Жұмыс тобы техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеумен айналысып жатыр.
Еске сала кетсек, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 9 ақпан күні Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауытын салуға қатысты шешім қабылдауды жеделдету қажеттігін айтқан болатын.