Қарқаралы

Жаңа әліпби – келешекке нық қадам

   Бүгінде еліміз бойынша қазақ тілін кириллицадан латын әліпбиіне көшіру жөнінде  талқылаулар мен насихат жұмыстары жүріп  жатыр. Сондай шаралар ауданымызда да басталды.

Мәселен, Қарқаралы қаласының М.Бәпиұлы атындағы №44 мектебі және О.Жәутіков атындағы №1орта мектебі, Мыңжасар Әдекенов атындағы ауыл шаруашылығы колледжі, Егіндібұлақ селосының №5, 43 және Абай ауылының №31 мектептерінде, Қарқаралы ауданының жастар ресурстық орталығының жанынан ашылған «Жастар жырлайды» жобасының қатысушылары кездесулер өткізді.

Онда Елбасымыздың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласының аясында, қазақ әліпбиін латын қарпіне ауыстыру тақырыбында кездесу өткізілді.

Кездесуге Қарқаралы ауданының жастар ресурстық орталығының маманы Е.Қобланды, конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау секторының меңгерушісі А.Хасенов және Қарқаралы ауданы ішкі саясат бөлімінің бас маманы Е.Ильдебаев және Қарқаралы ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Қ.Төлеуханова қатысты.

Сондай-ақ, аталмыш жиындарда латын қарпіне көшу мәселесімен қоса, діни экстремизм мен терроризм тақырыбы да қозғалып, олардың алдын алу, жат ағымдардан сақтану бойынша әңгіме жүргізілді.

Сағыныш ӘБІЛОВА

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button