Жаңа Конституция азаматтардың жеке деректерін қорғауды күшейтті
Қазақстанның жаңа Конституциясында азаматтардың жеке деректерін қорғау конституциялық деңгейде бекітілді. Енді Конституцияның 21-бабына сәйкес әрбір адамның жеке өміріне қолсұғылмаушылық және жеке ақпараттың заңсыз жиналуынан, өңделуінен әрі пайдаланылуынан қорғалу құқығына кепілдік беріледі.

Бұл өзгерістер цифрлық қауіпсіздікті күшейтіп, жасанды интеллект дәуірінде азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Жаңа нормалар Цифрлық кодекс, «Дербес деректер туралы» және «Жасанды интеллект туралы» заңдар арқылы жүзеге асырылады.
Сондай-ақ азаматтарға eGov Mobile арқылы жеке деректерді өңдеуге берген келісімін кез келген уақытта қайтарып алу мүмкіндігі беріледі. Бұдан бөлек, ірі деректер операторларына қойылатын талаптар күшейтіліп, қауіпсіздік оқиғалары мен деректердің сыртқа шығуы туралы азаматтар мен уәкілетті органдарды жедел хабардар ету міндеті енгізіледі.
Жаңашылдықтар Қазақстанда қауіпсіз цифрлық ортаны қалыптастырып, азаматтардың цифрлық құқықтарын қорғауды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



