Абай

Жаңа атаулар жаңғыруда

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес, Абай ауданындағы ономастика мәселесі бойынша 48 құрамдас бөлікке атау беру және қайта атау бағытындағы ұсыныстар бекітілді.

Өткізілген көпшілік тыңдаулар нәтижесінде 16 атау қолдау тауып, 2016 жылдың желтоқсан айында облыстық ономастиканың оң қорытындысына ие болып, шешім шығарылды. Нормативтік-құқықтық актіні әділет органдарына мемлекеттік тіркеу үшін тиісті жұмыстар аяқталды.

Абай ауданындағы Құлайғыр ауылдық округі және Ақбастау ауыл­дық округінің көшелері қазақы та­нымға сай атаулар екендігін атап өткен жөн.

2014-2016 жылдар аралығында тиісті ономастика комиссияларынан қолдауға ие болған 36 көше атауы егемендігімізге сай қайта өзгертілді. Идеологиялық көзқарасқа сай келмейтін көнерген атауларды жою үшін жүрігізілген жұмыс нәтижесі 11%  құрайды.

Бүгінгі күні ономастика саласындағы негізгі жұмыстар Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 28 ақпандағы  тапсырмасы негізінде жүргізіліп жатыр. 2017 жылдың ІІ жартыжылдығы бойынша облыстық ономастикалық комиссиясына  32 көше атауын қайта атау және 1 елді мекен атауын өзгерту туралы ұсыныс беру үшін қажетті құжаттар дайындалуда.

2017 жылдың мамыр айында «Ономастика жұмыстарын  тиімді жүргізу және ономастика саласындағы нормативтік-құқықтық актілер» атты семинар-кеңес өткізілді. Жергілікті баспасөз бетінде ономастика жұмыстарына арналған 11 мақала жарық көрді.

Статистикалық мәліметтер бойынша 50%-дан астамы  өзге ұлт өкілдері басым орналасқан аудандардың бірі екендігі белгілі. Елді мекен атауын өзгерту немесе қайта атау үшін жергілікті халықпен тығыз байланыса отырып, идеологиялық бағытта түсіндіру, насихаттау шараларын жүргізу үшін ғылыми-зерттеу жұмыстары қолға алынған. Алдағы уақыттарда ономастикалық жұмыс­тар жалғаса береді.

Э.АХМЕТЖАНОВА,

Абай ауданының ішкі саясат,

 мәдениет және тілдерді дамыту

 бөлімінің бас маманы.

Абай ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button