АбайРухани жаңғыру

Жаңа алаң – балалар игілігіне

    Кеше Абай ауданындағы Юбилейный ауылында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында балалар алаңы ашылды. Бұл ауыл балалары үшін қуанышты жаңалық болды.

Алаңды аудан әкімінің міндетін атқарушы Мұрат Мағзин салтанатты түрде ашып, алғы сөзінде алаңды жасауға өз үлестерін қосқан барша жұртшылыққа алғысын айтып, ата-аналар мен балаларды айтулы игі бастаманың жүзеге асуымен шын жүректен құттықтады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша рухани баюдың бір кепілі – балаларға көңіл бөліп, жастарды алға тәрбиелеу. Осы бағдарлама шеңберінде салынған, кентіміздегі бүгінгі ашылып жатқан балалар алаңқайы ерекше ықыласымыздың бірі. Жас бүлдіршіндеріміздің өмірлері шаттыққа толы болып, ашық аспан астында бақытты өмір кешулеріңізге тілектеспін, – деді  Мұрат Сәкенұлы.

Бұдан кейін осы алаңға демеушілік еткен «Шығыс» шаруа қожалығының басшысы Шамиль Осин сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарына ризашылығын жеткізіп, бұндай алаңның әлі де көп болуын тіледі.

Айта кету керек, Юбилейный ауылындағы бұл балалар алаңының құрылысын демеуші өз қаражатына салды. Ағымдағы жылдың маусым айында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдау мақсатында аудандық форум өткізіліп, 8 кәсіпкер өз қаражат есебінен жалпы сомасы 306,9 млн. теңгені құрайтын 8 әлеуметтік жоба қолға алынатындығынан хабардар еткен болатын. Бүгінгі таңда бұл жұмыс жалғасын табуда. Өздерінің туған жерлеріне деген ыстық ықыластарын білдіріп жатқан кәсіпкерлер атсалысуда. «Шығыс» шаруа қожалығының басшысының бұл игі ісі осының дәлелі.

Биылғы жылы мұндай балалар алаңы Ақбастау және Көксу ауылдарында да жалғасын тауып, салынатын болады.

Жергілікті қауымдастық мүшелерінің шешімі бойынша балалар алаңы «Мерей» БМК ауласында орнатылды. Құрылыс тамыз-қазан айларында жүргізіліп, 13 сәулет мүсіндері орнатылды. Барлық жұмыстарға  3 млн. теңге көлемінде қаражат жұмсалды.

Салтанатты шара соңында ауылдың кішкентай бүлдіршіндеріне көңілді байқаулар мен ойындар ұйымдастырылды.

Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ.

Абай ауданы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button