Ресми

Жәрмеңкеде 58 тонна ауыл шаруашылығы өнімі сатылды

Өткен сенбі  «Ұмай» СҮ, «Молодежный» МҮ және Global city СО сынды Қарағандының  үш секторында биылғы жылдың қорытынды  ауыл шаруашылығы шағын жәрмеңкелері өтті.

Суреттер: Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы бөлімінен

Аталмыш жәрмеңкеде 58 тонна өнім сатылды, оның ішінде: 28 тонна ет өнімі, 5 тонна картоп, 5 тонна жеміс-жидек өнімдері, 7 тонна сүт өнімі, 3 тонна балық өнімі, 120 мың дана жұмыртқа, 10 тонна азық-түлік және басқа да өнімдер бар. 

Бұл туралы Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мәлім етті. Тұрғындар үшін өнімдер төмендетілген бағамен сатылған жәрмеңкеге Бұқар жырау, Қарқаралы, Шет, Абай және Осакаров аудандарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қала кәсіпкерлері қатысты.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button