Бас тақырыпЖаңалықтар

Жәнібектің жеңісі

Кеше республикалық «Егемен Қазақстан» газеті жариялаған жас журналистер арасындағы байқау мәреге жетті. Айтары сол, басылым бекіткен үш жүлденің бірін әріптесіміз, газеттің бөлім меңгерушісі Жәнібек ӘЛИМАН қанжығаға бөктерді

Екінші мәрте өтіп отырған дәстүрлі байқау биыл «Елорда – елдіктің айнасы» тақырыбында ұйымдастырылды.

Жәнібек Әлиман «Үздік танымдық материал» номинациясында топ жарды. Алматылық жас журналистер – Аслан Тілеген мен Таңшолпан Төлеген, тиісінше, «Үздік журналистік зерттеу» және «Үздік фоторепортаж» аталымдарында жеңімпаз атанды.

Аға басылым бекіткен үш жүлденің бірін Жәнібектің олжалауы – біз үшін үлкен абырой. Қаламының қарымымен танылып келе жатқан әріптесіміздің алар асуы келешек еншісінде екендігіне кәміл сенеміз.

Нұрқанат ҚАНАФИН,

«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button