Облыс әкімі

Жөндеу жұмыстары кестеге сай

Облыс орталығындағы жылу жүйесіне жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысын аймақ басшысы Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ аралап көрді. Мемлекеттік бағдарламалардың шарапаты арқасында Қарағанды қаласының жылу желілері жаңару үстінде. Атап айтқанда, бүгінгі таңда «Нұрлы Жол» және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы облыста қарқын алуда.

2016 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы негізінде Ермеков көшесінен «Қарағанды фармацевтика кешені» ЖШС-ға дейінгі, жалпы 1,8 шақырымдық жылу желісін жөндеу жобасы іске асуда. Құрылысты «Агропромремстрой» ЖШС 465 млн.теңгеге жүргізуде.

Бүгінгі күнге 630 мм диаметрлі құбырдың 65 метрін төсеу қалды. Сондай-ақ, диаметрі 150 мм болатын 140 метр кварталдық құбырлар салынатын болады.

Жылу пунктінің ғимараты 100 пайызға дайын. Абаттандыру жұмыстары қолға алынып, электрқұрылғы жүйелері тартылуда. Жұмыстар кестеге сай.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Қарағандыда 1 жылумен жабдықтау жүйесінің жобасы іске асуда. 957 метрді құрайтын Оңтүстік-Шығыс жылу магистралінің ТК27-ден УУ2 учаскесі қайта жөндеуден өтуде. Жөндеу жұмысының сомасы – 520,007 млн.теңге.

Қазіргі кезде жерге қатысты жұмыстар, соның ішінде, жүргізілген құбырларды, бекітілген бағандарды алу сынды жұмыстар еңсерілген. Жалпы, жөндеу жұмыстарында кешігу жоқ. Кестеге орай атқарылуда.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button