Бас тақырыпРесми

Жұмысы тиімді орталық

Облыс тұрғындары мобильді ХҚКО жұмысын тиімді пайдаланып отыр. Биылғы жылдың он айында 7 жылжымалы орталық 14 мыңға жуық қызмет көрсетіпті.

Орталықтар ауылдық жерлерге 535 мәрте сапарға шыққан. Алғашқы мобильді ХҚКО 2011 жылы мемлекеттік қызмет қолжетімділігін арттыру мақсатында іске қосылған болатын. Ал, бұған дейін шалғайдағы ауыл тұрғындары қажетті қызметтерге қол жеткізу үшін жүздеген километр жердегі аудан орталықтарына баруға мәжбүр болды.

Мобильді орталық бар жеті ауданның арасында Шет, Жаңаарқа және Нұра аудандарының тұрғындары белсенді түрде орталық қызметтеріне жүгінді.

Орталықтар бекітілген кестеге сәйкес сапарға шығып тұрады. Сапар кестесімен облыс әкімі мен жергілікті аудан әкімінің сайтында немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының сайтында танысуға болады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button