Қарқаралы

Жұмыссыздыққа жол жоқ

   Аудандағы жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін ауқымды шаралар атқарылуда. Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеге «Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі», «Қарағанды облысының мүгедектерге арналған оңалту орталығы», жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, «Аудандық орталық аурухана» және аудандық Пробация қызметінен барлығы алты жұмыс беруші қатысты. Сондай-ақ, жұмыс іздеп жүрген 30 азамат келді.

Аталған мекеме өкілдері жұмыс сұрап келген аудан тұрғындарын қабылдап, нәтижесінде, 6 адам жұмыс орындарына жолдама алды. Төрт адам (тазалықшы, буфетші, ыдыс аяқ жуушы, көкөніс тазалаушы) «Қарағанды облысының мүгедектерге арналған оңалту орталығына», бір адам (маусымдық жұмыс) Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне, тағы бір адам «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-ге жолдама алды. Сонымен қоса, жәрмеңкеге қатысушыларға қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың талаптары мен тәртібі түсіндірілді.

Сағыныш ӘБІЛОВА

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button