Шет

Жұмыссыздар үшін мол мүмкіндік

Шет ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер бөлімі және жұмыспен қамту орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңке – мемлекеттік органдар мен мекемелерге өздерінің талаптарына сәйкес келетін мамандарды табуға, ал, жәрмеңкеге келушілер үшін мамандықтары бойынша жұмыс іздеуге мол мүмкіндік. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл күні аудандағы мекеме, кәсіпорындар тарапынан өңір жұртшылығына 62 жұмыс орны ұсынылған.

Жәрмеңке аудан тұрғындары үшін қажет. Өйткені, мұнда халық жұмыс берушілермен тікелей кездесіп, делдалсыз еңбек жағдайын талқылай алады. Осындай маңызды мағұлматтар мен пайдалы ақпараттарға толы бос жұмыс орындары мен мемлекеттік қызметтер көрсету жәрмеңкесі алдағы уақытта ауданға қарасты барлық елдімекендерде өткізіледі, – дейді ауданның жұмыспен қамту орталығының директоры Аманбол Амангелдин.

Жалпы, жәрмеңке барысында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы, атаулы әлеуметтік көмек, жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатындағы жастар мен көпбалалы отбасыларға арналған қайтарымсыз гранттар туралы ақпараттар берілді.

Думан ҚАБЫЛ.

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button