АймақШет

Шет ауданында ауданаралық жолдар қалыпқа келтірілуде

Шет ауданында жағдай тұрақталды. Бүгінде аудан әкімдігі су шайып кеткен жолдарды қалыпқа келтіру жұмыстарын бастап кетті.

Суреттер: аудан әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасынан

Қазіргі таңда Ақсу-Аюлы округіне қарасты Қайрақты және Нұраталды округінің Ақсу, Шопа ауылдарындағы жолдарға жөндеу жұмыстары басталды. Мұнда арнайы техникалардың көмегімен жолға қиыршық тастар төселіп, жол қабатын биіктетуде. Елдімекен арасындағы жолдарға да жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Ал, Ақсу ауылындағы көшеішілік жолдар толықтай ретке келтірілген. Тек, Қайрақты ауылында үш шақырымдық, Шопа ауылының кіре беріс жолдарында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары аяқталуға шақ қалды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button